Депутаты
Ардагерді құттықтау
07-05-2020 12:05
Ардагерді құттықтау

Облыстық мәслихаттың хатшысы Бақыт Бексейітова Ұлы Отан Соғысының ардагері Вячеслав Владимирович Чернышевты үйіне барып құттықтады. Ол ардагерге Ресей Федерациясы Президентінің атынан  «1941-1945 жж. Ұлы Отан Соғысындағы Жеңіске 75 жыл» медалін, Қазақстан Республикасы Президентінің және Павлодар облысы әкімінің атынан Алғыс хаттар табыс етті. Одан гөрі, облыс әкімінің атынан мереке қарсаңында азық-түліктік жинақ пен облыстық мәслихаттан сыйлық табыс етті.

Вячеслав Владимирович 1 Белорус майданында соғысып, Варшавадан Берлинге дейінгі жауынгерлік жолынан өтті. Соғыстан кейін ол Вольский әскери училищесін бітіріп,  парашют спортымен белсенді айналысты. Осы кезеңде ол ұшақтан 100-ден астам секіру жасап, «Нұсқаушы парашютист» белгісімен марапатталды. Бейбіт уақытта ол мектеп директоры, орыс тілі және әдебиеті мұғалімі болып жұмыс істеп, зейнеткерлік демалысқа 3 гимназиядан шықты. Бақыт Мақанқызы ардагермен 30 жылдан астам уақыт таныс және әлі күнге дейін араласып келеді.

Сіздерге деген алғысымыз шексіз. Бақытты әрі ұзақ ғұмыр кешуге жазсын. Балаларыңыз, немерелеріңіз бен шөберелеріңіз Сіздерді қуанта берсін, - деп жауап берді Бақыт Мақанқызы.