Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
423/36 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
16-12-2019 19:11

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы 4-тармағына  сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 

1. 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2020 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 210930510 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 32689090мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 199119 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсітен түсімдер – 127207 мың теңге;

трансферттер түсімі–177915094 мың теңге;

2) шығындар–208763459 мың теңге;

3)таза бюджеттік кредиттеу –-4025045 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 3907901 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу –7932946 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 2761483 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 2761483 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 3430613 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 3430613 мың теңге.

2. Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне салықтан түскен түсімдердің жалпы сомасын 2020 жылға келесі көлемдерде үлестіру бекітілсін:

1) корпоративтік табыс салығы бойынша:

Аққулы, Ақтоғай, Баянауыл, Ертіс, Май, Павлодар, Тереңкөл, Успен, Шарбақты аудандарына, Ақсу, Павлодар, Екібастұз қалаларына – 100 пайыз, Железин ауданы – 9,9 пайыз;

2) төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан жеке табыс салығы бойынша:

Аққулы, Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Май, Павлодар, Тереңкөл, Успен, Шарбақты аудандарына, Ақсу, Павлодар, Екібастұз қалаларына – 100 пайыз;

3) төлем көзінен салық салынатын табыстардан және шетел азаматтарының төлем көзінен салық салынбайтын табыстарынан жеке табыс салығы бойынша:

Аққулы, Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Май, Павлодар, Тереңкөл, Успен, Шарбақты аудандарына, Ақсу қаласына – 100 пайыз, Павлодар қаласына – 53,9 пайыз, Екібастұз қаласына – 82,1 пайыз;

4) әлеуметтік салық бойынша:

Аққулы, Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Май, Павлодар, Тереңкөл, Успен, Шарбақты аудандарына, Ақсу қаласына – 100 пайыз, Павлодар қаласына – 53,9 пайыз, Екібастұз қаласына – 82,1 пайыз.

3. Облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттерінен облыстық бюджетке салықтан түскен түсімдердің жалпы сомасын 2020 жылға келесі көлемдерде үлестіру бекітілсін:

1) Железин аудандық бюджетінен корпоративтік табыс салығы бойынша – 90,1 пайыз;

2) төлем көзінен салық салынатын табыстардан және шетел азаматтарының төлем көзінен салық салынбайтын табыстарынан жеке табыс салығы бойынша:

Павлодар қаласынан – 46,1 пайыз, Екібастұз қаласынан – 17,9 пайыз;

3) әлеуметтік салық бойынша:

Павлодар қаласынан – 46,1 пайыз, Екібастұз қаласынан – 17,9 пайыз.

4. 2020 жылға арналған облыстық бюджетте қалалық бюджеттерден облыстық бюджетке жалпы 47007889 мың теңге сомада бюджеттік алымдар ескерілсін, соның ішінде:

Павлодар

45547712 мың теңге;

Екібастұз

1460177 мың теңге;

5. 2020 жылға арналған облыстық бюджетте аудандар (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне облыстық бюджеттен берілетін субвенциялардың көлемі жалпы 39520152 мың теңге сомада ескерілсін, соның ішінде:

Аққулы -                              

3502693 мың теңге;

Ақтоғай-

3529807 мың теңге;

Баянауыл-

4559749 мың теңге;

Железин -

3683933 мың теңге;

Ертіс-                                  

4117316 мың теңге;

Май -                                      

2710744 мың теңге;

Павлодарский -                               

4237017 мың теңге;

Тереңкөл -                                    

4226307 мың теңге;

Успен - 

2924833 мың теңге;

Шарбақты-                           

3866524 мың теңге;

Ақсу қаласы-

2161229 мың теңге.

6. 2020 жылға арналған жергілікті бюджеттің атқарылу үдерісінде секвестрге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

7. 2020 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне нысаналы ағымдағы трансферттер келесі көлемдерде қарастырылғаны ескерілсін:

2027564 мың теңге – жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік  қызметшілеріне еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін факторлық-шкала бойынша  енгізуге;

2761357 мың теңге – білім беру саласындағы ағымдағы және күрделі сипаттағы шығыстарға;

347932 мың теңге – Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде еңбек нарығын дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыруға;

82945 мың теңге – мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге;

543674 мың теңге – коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-шаралар өткізуге;

55120 мың теңге – бруцеллез ауруына шалдыққан, санитариялық
союға жіберілетін ауыл шаруашылығы малдарының құнын өтеуге;

2158176 мың теңге – көлік инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға; 

1354945 мың теңге – аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына және елді мекендердің көшелеріне күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу жүргізуге;

386741 мың теңге – «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға;

66000 мың теңге – «109» бірыңғай нөмірлі қызметті ұйымдастыруға.

8. 2020 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне нысаналы даму трансферттері келесі көлемдерде қарастырылғаны ескерілсін:

1834138 мың теңге – білім беру объектілерін дамытуға;

4153295 мың теңге – коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін салуға және (немесе) реконструкциялауға;

993381 мың теңге – инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) жайластыруға;

3079165 мың теңге – ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға;

1321831 мың теңге – сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға;

288763 мың теңге – жылу-энергетикалық жүйені дамытуға;

429153 мың теңге – мәдениет объектілерін дамытуға;

342571 мың теңге – коммуналдық шаруашылық объектілерін дамытуға;

91277 мың теңге – «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамытуға;

562684 мың теңге – спорт объектілерін дамытуға;

159001 мың теңге – Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды дамытуға;

148898 мың теңге – «Ауыл - Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға;

277828 мың теңге – моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға.

9. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне облыстық бағдарламалар бойынша берілетін республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттердің көлемі 2020 жылға келесі мөлшерде белгіленсін:

1435310 мың теңге – мектепке дейінгі білім беру мемлекеттік ұйымдарының мұғалімдеріне еңбекақы ұлғайтуға;

199028 мың теңге – мектепке дейінгі білім беру мемлекеттік ұйымдарының мұғалімдеріне біліктілік санаты үшін қосымша төлемге;

7492028 мың теңге – орта білім беру мемлекеттік  ұйымдарының мұғалімдеріне еңбек төлемін ұлғайтуға;

3023710 мың теңге – орта білім беру мемлекеттік ұйымдарының мұғалімдеріне біліктілік санаты үшін қосымша төлемге;

739920 мың теңге – орта білім беру ұйымдарын жан басына  қаржыландыруды сынауға;

1057882 мың теңге – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге;

232249 мың теңге – үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс орналастыруға;

4540 мың теңге – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75-жылдығына  арналған мерекелік іс-шаралар өткізуге;

110476 мың теңге – халықты әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік ұйымдарында арнайы әлеуметтік қызмет ұсынатын қызметкерлердің еңбекақысына үстемеақы белгілеуге;

449151 мың теңге – мәдениет ұйымдары мен архивтік мекемелердегі  басқарушылық және негізгі персоналдың ерекше еңбек жағдайы үшін лауазымдық жалақысына үстемеақы белгілеуге;

3249450 мың теңге – көліктік инфрақұрылымның басымдық жобаларын қаржыландыруға;

3683351 мың теңге – Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай  кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмыс күші көп өңірлерден көшіп-қонушылар  үшін тұрғын үй алуға;

1427651 мың теңге – Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай  кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндееңбек нарығын дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыруға;

407655 мың теңге – мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету мен тұрмыс сапасын жақсартуға;

10412 мың теңге – мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы  жұмыс орындарын құруға арналған жұмыс берушінің шығындарын субсидиялау;

1117443 мың теңге – «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдар бойынша іс-шараларды іске асыруға.  

10. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне облыстық бағдарламалар бойынша берілетін республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттерінің көлемі 2020 жылға келесі мөлшерде белгіленсін:

92074 мың теңге – «Ауыл - Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік инфрақұрылымды  дамытуға;

13602977 мың теңге – ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау  жүйесін дамытуға;

6709811 мың теңге – сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға;

2946133 мың теңге – коммуналдық тұрғын үй қорындағы тұрғын үй салуға және (немесе) реконструкциялауға;

3135853 мың теңге – инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) орналастыруға;

1326000 мың теңге – Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды дамытуға;

2253149 мың теңге – моноқалаларда бюджеттік инвестициялық  жобаларды іске асыруға;

376475 мың теңге – жылу энергетика жүйесін дамытуға.

11. 2020 жылға арналған облыстық бюджетте мамандарды әлеуметтік  қолдау  шараларын іске асыру  үшін аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне 1320198 мың теңге сомасында кредит беру қарастырылсын.

12. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне нысаналы трансферттердің көрсетілген сомасын үлестіру облыс әкімдігінің қаулысы негізінде анықталады.

13. Облыстың жергілікті атқарушы органының 2020 жылға арналған резерві 660308 мың теңге сомада бекітілсін.

14. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.

15. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

16. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы                              А. Касицин                                                          

Облыстық мәслихат хатшысы                   Б. Бексейітова