Депутаты
"Таза ауа" акциясы
05-09-2019 09:09

2019 жылғы 3 қыркүйекте «Таза ауа» облыстық акциясы аясында Екібастұз қаласы аумағында көлік құралдарының улылығы мен түтінін өлшеу мақсатында рейд өткізілді.

Рейдке облыстық мәслихаттың экология бойынша тұрақты комиссиясы төрағасы М. Стрелковская, облыстық мәслихаттың депутаты және Екібастұз қаласының Қоғамдық кеңес төрағасы Р. Гайнулин, қалалық мәслихат хатшысы Б. Құспеков, қалалық мәслихат депутаты Э. Абдинов,  экология депараменті, көліктік бақылау инспекциясы және Екібастұз қаласы полиция басқармасының өкілдері қатысты.

Арнайы жабдықтың көмегімен 60-тан  аса  дизельдік және бензин қозғалтқыштарымен жарақталған көлік құралдарына өлшеу жүргізілді. Шығарылатын газдардың шекті рұқсат етілген концентрациясының 12 автомобильде (3 дизель және 9 бензин) артуы байқалды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 334-бабында көзделген тәртіпке сәйкес көлік иелеріне ескерту түрінде 12 тәріптік жаза қолданылды. №5 және №9 автобус шекті рұқсат етілген концентрациясының едәуір артуы анықталды. Сондай-ақ рейд барысында тұлғаның  көлік құралын  құжатсыз басқару фактісі анықталды.

Рейд кезінде техникалық байқау жүргізу, қаланың АЖС  сатылатын отынның сапасына қатысты ескертулер айтылды. Сол себептен көлік құралының техникалық байқау өткені туралы анықтама берген  қаланың техникалық қызмет көрсету станциясына барды. Айта кетейік, бұл автомобиль алдыңғы рейде кезінде тексеріліп, ШРК-дан асып кету фактісі тіркелген.

Рейдке қатысушылар мұндай рейдтерді тұрақты негізде жалғастыру қажеттігін атап өтті.