Депутаты
Еңбек қатынастары туралы
04-09-2019 12:13
Еңбек қатынастары туралы

  Облыстық мәслихаттың депутаты Қайрат Әбішев жер қатынастары және мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен бірге шаруа қожалықтарындағы еңбек қатынастарын заңдастыруды мониторингілеу бойынша Черноярка ауылдық округіне жұмыс сапарына қатысты.

       Қазір облыста картоп, сәбіз, қызылша өнімдерін және басқа да көкөністерді жинау кезеңі басталды. Егіс алқаптарында көкөніс жинау кезеңінде уақытша жұмысшылар да еңбек етеді. «Мечта», «Фортуна», «Қарлығаш», «Никитин», «Надежда», «Бредихина» шаруа қожалықтарымен кездесу барысында  жұмысшылар мен жұмыс берушілерге қолданыстағы Еңбек заңнамасының негізгі қағидалары түсіндірілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – бұл азаматтарға олардың құқықтары жайлы түсіндіру, атап айтқанда, депутат заңсыз жұмысбастылық жұмысшының өз зейнетақысына қол жеткізбеу сияқты проблемаларға әкеліп соқтыру мүмкіндігін атап өтті. Әрине, заңсыз жұмысбастылық бюджетті жеткілікті толықтыруға кедергі жасайды, бұл түрлі өмір салаларын дамытуды тежейді.

        Кездесулер және мониторинг депутаттармен жалғастырылатын болады.