Депутаты
Облыстық мәслихаттың депутаттары «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысты
02-09-2019 12:13
Облыстық мәслихаттың депутаттары «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысты

Облыстық мәслихаттың барлық депутаттары және аппараты «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысты.  Облыстық мәслихаттың хатшысы Бақыт Бексейітова депутаттардың осы акцияға жыл сайын қатысатынын атап өтті. Осы жылы да дәстүрлі түрде облыстық мәслихаттың депутаттары және аппараты акцияға қатысып, сомасы екі милионнан астам теңгеге күнкөрісі төмен және көп балалы отбасыларға демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетілді.

          №6 Железин сайлау округінен депутат Бақауов Марат еліміздің оңтүстік өңірлерінен қоныс аударған отбасылардың, көп балалы және күнкөрісі төмен отбасылардың оқушыларына арнап сомасы 79308 теңгеге кеңсе заттарын сатып алды. Сонымен қатар Жаңа-Жұлдыз ауылындағы негізгі орта мектебінің ІТ-класы үшін сомасы 650 мыңнан астам теңгеге жабдық, ламинат және жарықшамдар  сатып алынды.

Ұзақ жылдар бойы облыстық мәслихаттың депутаты Серім Сыздықов және облыстық аурухананың ұжымы Усолка шағын ауданындағы № 42 және № 25 мектептерімен, екінші Павлодарда орналасқан Қ. Бекхожин атындағы № 12  мектебімен бірге қызмет жасайды. Оқу жылының басталуына дайындалуға жәрдемдесу мақсатында жалпы білім беру мектептерінің 7 оқушыларына материалдық көмек көрсетілді. Бұл жетім-балалар, күнкөрісі төмен, ата-аналары қиын өмірлік жағдайға ұшыраған, толық емес және қолайсыз отбасылардан шыққан көмекке мұқтаж балалар. Облыстық аурухананың көп балалы және күнкөрісі төмен отбасыларына 250 мың теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетілді, барлығын қоса алғанда ұжым  360 мың теңгеге материалдық көмек көрсетті.

Раис Гайнулин Екібастұз қаласының №17 мектебінде оқитын күнкөрісі төмен отбасылардың балаларына сомасы 100 мың теңгеге демеушілік көмек көрсетті.

          №26 Успен сайлау округінен депутат Касицин Александр Галицкое ауылының орта мектебінде оқитын 10 оқушыға мектеп киімі мен кеңсе тауарларын сатып алуға 200 мың теңгеден астам ақшалай қаражат бөлді.  

          №4 Ақтоғай сайлау округінен депутат Терентьев Александр Приреченск орта мектебінің 20 оқушысына сомасы 20 000 теңгеге мектеп заттарын сатып алуға көмек көрсетті. Депутат акцияға қатысып Қайырбаев атындағы орта мектепке ақшалай көмек көрсетті. Павлодар ауданының көп балалы отбасынан шыққан 4 оқушыға арнап 65500 теңгеге спорт киімін және мектеп қапшықтарын сатып алып, беріп жіберді.

          №11 Павлодар сайлау округінен депутат Қайрат Әбішев Заря ауылындағы орта мектебінің 10 оқушыларына сомасы 30 000 теңгеге кеңсе тауарларын сатып алды және мүгедек-баланы тәрбиелейтін Павлодар қаласының тұрғынына баланы мектепке дайындау үшін 20 000 теңге мөлшерінде материалдық көмек көрсетті. Мұндай мысалдар өте көп.