Депутаты
Депутат «Мектепке жол» акциясына қатысты.
12-08-2019 16:48
Депутат «Мектепке жол» акциясына қатысты.

   Жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында облыстық мәслихаттың депутаты, Павлодар облысының «Атамекен» Кәсіпкерлер Палатасының директоры Арынов Ербол бірнеше жыл бойы қайырымдылық марафонына қатысуда. Биыл ол үш мектеп оқушылары бар Павлодар қаласынан көп балалы отбасына көмек көрсетті. Олардың біреуі бірінші сынып оқушысы. Депутат балаларды  келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтап, оларға дәптер, альбом, түрлі-түсті қарындаштар мен басқа да көптеген кеңсе заттарын табыс етті. Сондай-ақ, отбасы иелеріне мектеп формасын сатып алуға қаржылай көмек жасады.