Депутаты
Сенаторлар Ақтоғай ауданында
02-08-2019 11:29
Сенаторлар Ақтоғай ауданында

2019 жылдың 29 шілдесінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары М.Ш. Көбенов пен Н.Н. Нұрсипатов Павлодар облысының Ақтоғай ауданына жұмыс бабымен сапар шекті. Жұмыс сапары барысында сенаторлар Қараоба ауылдық округінің Әуелбек ауылында салынып жатқан су құбырына барды, онда «Ай - Су Мелиорация» фирмасы ЖШС мердігер ұйымының басшысы Владимир Левченкомен тыңғылықты әңгімелесті. «Ақтоғай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы Серік Байбусинов құрылыс барысының бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқанын және осы объектідегі жұмыстар сапасын ерекше атап өтті. Одан әрі сенаторлар суармалы учаскелерді, егістік алқаптарды және Ақтоғай ауылдық округінде орналасқан «Ақтоғай АГРО» фирмасы ЖШС-нің өндірістік объектілерін аралады. Кәсіпорынның бас директоры, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Александр Терентьевпен әңгімелесу барысында өсімдік шаруашылығы өнімін өндіру көлемін ұлғайту мақсатында қоймаларды одан әрі салу жөніндегі мәселелер және кәсіпорынды дамытудың өзге де мәселелері қозғалды.

Приреченск ауылында олар «Agro Terra» ЖШС басшысы Ербол Алибековпен кездесті, суармалы жерлер көлемін ұлғайту және өсімдік шаруашылығы өнімін өткізу мәселелерін талқылады.  

Депутаттар, бидай өндіру бойынша аудандағы алдыңғы қатарлы агроқұрылымдар болып табылатын «Надежда» және «Весна» шаруа қожалықтары орналасқан, Ақтоғай ауылдық округіндегі Харьковка ауылының аумағында болды, дән кептіру бойынша заманауи жабдыққа ие, бұл айтарлықтай қаражат, ресурс және уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді (шаруа қожалықтарының басшылары – ағайынды Владимир және Анатолий Филипишиндер). 

Ақтоғай ауданына жұмыс сапарын қорытындылай келе, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаторлары Мәнап Көбенов пен Нұржан Нұрсипатов аграрлық сала дамуының, мемлекеттік бағдарламаларға агроқұрылымдар қатысуының, өндірістік қуат кеңеюінің оң динамикасын атап өтті.