Депутаты
Сенаторлар Железин ауданында
01-08-2019 11:00
Сенаторлар Железин ауданында

Ағымдағы жылдың 30 шілдесінде Сенат депутаттары Көбенов  М.Ш. және Нұрсипатов Н.Н. Железин ауданына барды. Жұмыс сапары барысында сенаторлар Башмачинский ауылдық округінің Башмачное ауылына барып, «AgroCapital» ЖШС суармалы учаскесінің аумағында ЖШС директоры Арман Қазымбетовпен кездесті, ол кәсіпорында болып жатқан ағымдағы іс жағдайы туралы және суармалы егіншілікты дамыту бойынша алдағы жоспарлар жайлы айтты. Одан әрі олар кәсіпорынның егістік алқабын аралады.

Прииртышск ауылдық округінде оларды «Неупокоев В.И.» ШҚ басшысы Владимир Неупокоев қарсы алды, олар көктемгі егістік жұмыстарын откізу жайлы әңгімелесті. Осы жылы шаруашылық Белоруссияда жасалған, жұмысын жақсы жағынан көрсете білген жаңа егін егу кешеніне ие болды.

Депутаттар «БОЛАШАҚ-АГРО»ЖШС кәсіпорнына барды, ондағы жұмыс жөнінде оларды кәсіпорын директоры Қуат Анафин хабардар етті. Ол  аумағы 700,0 гектардан астам суармалы алқапты енгізу бойынша алдағы жоспарлар жайлы айтып берді. Депутаттарды сумен жабдықтау және жергілікті халық арасында ертеден сұранысқа ие Подстарое көлін пайдалану мәселесі қызықтырды.

Одан кейін сенаторлар Қазақстан-Ресей шекарасында орналасқан, №2033 әскери бөлімі қызмет көрсететін Үрлітөбе өткізу бекетіне кіріп шықты. Мұнда депутаттар өткізу бекетінің жұмысымен танысты, жолаушылар мен жүк ағынының төлқұжаттық бақылаудан өтуге арналған кабиналарды тексерді. Бір азаматқа барлық қажетті рәсімдерден өту үшін орташа алғанда қанша уақыт жұмсалатынын анықтады.

Көтерілген өзекті мәселелерді сенаторлар бақылауға алды.