Депутаты
Сенат депутаттары облыста
30-07-2019 10:08
Сенат депутаттары облыста

Облыс ішіндегі жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Нұржан Нұрсипатов пен Мәнап Көбенов Павлодар облысының Полиция департаментіне барып, оның жалпы қызметімен, сондай-ақ ондағы патрульдік полиция бөлімшелерінің, көші-қон қызметінің, әкімшілік полицияның жаңалықтарымен танысты. Осылайша, департамент бастығының бірінші орынбасары подполковник Жайсқарат Қайыров сапар шегіп келгендерді ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі Жол картасын іске асыру шеңберінде және халықпен тосқауылсыз жұмыс жасау мақсатында енгізілген фронт-офистің жұмысымен таныстырды. 

- Фронт-офис – барлық заманға сай, жайлылық және қауіпсіздік жағынан талаптарға жауап беретін жеке үй-жай ретінде орналастырылып салынған. Күтуге арналған ыңғайлы орындары, ақпараттық стендтері, қажетті техника мен интернетке және ақпараттық базаға қолжетімділік бар. Балаларымен келген азаматтар үшін мүльтфильм қосу мүмкіндігі бар, мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандус орнатылған. Аудио және бейнежазба үнемі жүргізіледі. Азаматтарға деген кеңестер мен түсініктемелер беру білікті қызметкерлермен жүзеге асырылады. Азаматтарды қабылдау жұмысының кестесі дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00-ден бастап 18.30-ға дейін. Ұқсас фронт-офистер сондай-ақ Павлодар және Екібастұз қалаларының Полиция басқармаларында бар екенін атап өтті Жасқайрат Қайыров.

Oблыстық Полиция департаментінің ағымдағы жылдың 30 сәуірінде ашылған фронт-офисі қабылдау жүргізіп, 380-нен астам азаматтарға кеңес берді.

Одан гөрі, халыққа ыңғайлы болғандай, көші-қон қызметтері орталығы ашылды. 

Сенат депутаты Нұржан Нұрсипатов фронт-офистерді құру – бұл қызіргі уақыттың талабы екенін атап өтті, полиция бөлімдеріндегі мұндай қабылдаулар ішкі істер органдары қызметінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етеді,өз кезегінде халықтың полицияға деген сенімділік деңгейін айтарлықтай арттырады.

          Дәл осы күні Сенат депутаттары облыс ҰҚК департаментінде және обьлыстық сотта болды.