Депутаты
Депутаттар көп балалы отбасыларды аралады
22-07-2019 16:40
Депутаттар көп балалы отбасыларды аралады

Облыстық мәслихаттың хатшысы Бақыт Бексейітова, әріптестері  Айман Оспанова, Айнұр Мейрамова, Раис Гайнулинмен, сондай-ақ Екібастұз қалалық мәслихатының депутаттарымен бірлесіп «Нұрлы Ертіс» пилоттық жобасы шеңберінде Нұр Сұлтан қаласынан Екібастұзға қоныс аударған көп балалы отбасыларына барып шықты.

Бүгінгі күнге Екібастұз қаласына 102 отбасы көшіп келді. Оларды жұмысқа тұрғызу бойынша жұмыс барынша жүріп жатыр. Отбасылар отағаларының көпшілігі жұмысқа тұрды. Қалғандары әзірше күтуде. Қазіргі уақытта 51 әйел адам бала күтімі бойынша демалыста екенін атап өту қажет. Балаларды мектепке және бала-бақшаларға орналастыру мәселесі шешілуде.

Көп балалы отбасылар отағаларымен жұмысқа тұру, балаларын мектепке дейінгі және оқу орындарына орналастыру, мемлекеттік атаулы көмек және өзге жәрдемақылар, медициналық қызмет көрсету мәселесі бойынша мұқият әңгіме орын алды.  

Жалпы, қоныс аударушылардың көңіл-күйі жақсы, олар мемлекеттің қолдауын сезініп, қуана қабыл алды. Депутаттарға қоятын жеке сұрақтары да болды.

Осылайша, облыстық мәслихаттың хатшысы Бақыт Бексейітоваға  балаларды Екібастұздағы дарынды балаларға арналған мектепте оқыту бойынша, өзге балаларды түзету бала-бақшасына баратындай жолдама алу бойынша жүгінді. Қоныс аударғандардың арасында бокстан спорт шеберлігіне үміткер - Айнар Мынбеков кездесті. Ол жұмысқа орналасу мәселесін шешуде жәрдем көрсетуді сұрады.

 Барлық аталған мәселелерді депутаттар өз бақылауына алды.