Депутаты
Цифрландыру мәселелері қарастырылды
31-05-2019 09:33
Цифрландыру мәселелері қарастырылды

Депутат Қ. Қапеновтың төрағашылығымен облыстық мәслихаттың әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының цифрландыру мәселелерін қарастыру және облыста Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасын іске асыру бойынша отырысы өтті. Осы мәселелерді жүзеге асыру туралы ақпаратпен алты басқарманың өкілдері сөз сөйледі.

Осылайша, мәдениет басқармасы бойынша өлкетану қоры, сондай-ақ сирек қордың кітаптары мен мақалаларын сандық нысанға көшіру жүргізілуде. Жоғары жылдамдықты сканерлер арқылы облыстық мұрағаттың  1053 тізімдемелері және 14476 істері цифрланды. Шафердің музей-үйінде шамамен 20 мың шығармалар, облыстық көркем мұражайында - 2800 экспонаттар, тарихи-өлкетану мұражайында - 3450 экспонаттар цифрланды.

Денсаулық сақтау саласындағы барлық 333 медициналық объектілерде  интернет желісіне шығу мүмкіндігі бар және 4312 жұмыс орындары компьютерлік техникамен жабдықталған. Медициналық ұйымдар 20-дан астам түрлі медициналық ақпараттық жүйелерді пайдаланады. 760 мыңнан астам павлодарлықтар электрондық денсаулық паспорттарына (100%) енгізілді. Дәрігерге кіруге және жолдамамен зерттеулерге бару үшін электрондық жазба енгізу емханаларда кезекте тұруды азайтуға және медициналық көмек алу тәртібін жүйелеуге мүмкіндік берді.  

Облыстың білім беру ұйымдары компьютерлік техникамен және ақпараттық жүйелермен 100%-ға қамтылған. Облыстың барлық 362 мектептерінің кеңжолақты интернет желісіне шығу мүмкіндігі бар,компьютерлермен қамтамасыз етілу деңгейі 100%-ды құрайды. Облысымызда мектепке деген электрондық жазба 291 мектептерде енгізілді, мектепке дейінгі ұйымдар қызметін автоматтандыру 431 мектепке дейінгі ұйымдарда енгізілген. «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп еуропалық стандарттарға сай бағдарламалау дағдыларынаоқыту бойынша балаларға арналған 29 тегін IT-класстар ашылды, солардың ішінен 18-і ауылдық жерлерде орналасқан. Жыл сайын мектептердің компьютерлік паркі жаңаруда, қазіргі уақытта ол облыс бойынша 20418 бірлікті құрайды.

Депутаттар  облыстың медициналық ұйымдарында «Емделушінің картасын» енгізу, облыстық мұрағатқа құжаттарды қабылдау, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және т.б. мәселелеріне қызығушылық танытты.

Барлық сұрақтар бойынша қаулылар қабылданды.