Депутаты
Депутаттар қоршаған ортаның жағдайы мен өңірдің тыныс-тіршілігінің өзара байланысы мәселелерін қарастырды
16-05-2019 17:30
Депутаттар қоршаған ортаның жағдайы мен өңірдің тыныс-тіршілігінің өзара байланысы мәселелерін қарастырды

Ағымдағы жылдың 16 мамырында Павлодар облыстық мәслихатының экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Депутаттар экологияның халық денсаулығына әсер ету; су және орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мәселелерін қарастырды. Ақпаратпен облыс жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының орман шаруашылығы және су ресурстары бөлімдерінің басшылары және қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы И.Н. Сорокина сөз сөйледі. Мәселелерді талқылауға экология департаменті басшысының орынбасары Ж.Г. Кәрімов, облыс денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Е.Қ. Ержанов, «КазГидромет» РМК Павлодар облысы бойынша филиалының басшысы М.Т. Кусаинова қатысты.

Жергілікті атқару органдары қоршаған ортаның өңіріміздің тыныс-тіршілігіне әсер етумен байланысты тәуекелді азайту бойынша іс-шаралар қабылдап жатыр. Атмосфералық ауа, су және топырақ жағдайына тұрақты мониторинг жүргізілуде.

Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар атап өткендей, бірқатар мәселелер ашық қалды, соның ішінде ауылдарда тұратын халықты сапалы ауыз суымен қамтамасыз ету, өнеркәсіптік кәсіпорындардан шығарындылар мөлшерінің өсуі және басқа мәселелер.

Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы және су мен орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы ақпарат мәліметке алынды және облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына енгізу ұсынылды.

Отырыс қорытындылары бойынша тұрақты комиссия қаулылар қабылдады.