Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
288/26 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
24-12-2018 19:00

        2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы 4-тармағына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 

1. 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2019 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 174467948 мың теңге, соның ішінде:                                                                                                                                                                                              салықтық түсімдер – 32360184 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 170111 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 800 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 141936853 мың теңге;

2) шығындар – 174143987 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 5107621 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 10028319 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 4920698 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 153500 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 153500 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -4937160 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 4937160 мың теңге.

2. Аудандар (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне салықтан түскен түсімдердің жалпы сомасын 2019 жылға келесі көлемдерде үлестіру бекітілсін:

1) төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан жеке табыс салығы бойынша:

Аққулы, Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Май, Павлодар, Тереңкөл, Успен, Шарбақты аудандарына, Ақсу, Павлодар, Екібастұз қалаларына – 100 пайыз;

2) төлем көзінен салық салынатын табыстардан және шетел азаматтарының төлем көзінен салық салынбайтын табыстарынан жеке табыс салығы бойынша:

Аққулы, Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Май, Павлодар, Тереңкөл, Успен, Шарбақты аудандарына, Ақсу қаласына – 100 пайыз, Павлодар қаласына – 52,6 пайыз, Екібастұз қаласына – 50 пайыз;

3) әлеуметтік салық бойынша:

Аққулы, Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Май, Павлодар, Тереңкөл, Успен, Шарбақты аудандарына, Ақсу қаласына – 100 пайыз, Павлодар қаласына – 52,6 пайыз, Екібастұз қаласына – 50 пайыз.

3. Облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттерінен облыстық бюджетке салықтан түскен түсімдердің жалпы сомасын 2019 жылға келесі көлемдерде үлестіру бекітілсін:

1) төлем көзінен салық салынатын табыстардан және шетел азаматтарының төлем көзінен салық салынбайтын табыстарынан жеке табыс салығы бойынша:

Павлодар қаласынан – 47,4 пайыз, Екібастұз қаласынан – 50 пайыз;

2) әлеуметтік салық бойынша:

Павлодар қаласынан – 47,4 пайыз, Екібастұз қаласынан – 50 пайыз.

4. 2019 жылға арналған облыстық бюджетте қалалық бюджеттерден облыстық бюджетке жалпы 28950769 мың теңге сомада бюджеттік алымдар ескерілсін, соның ішінде:

Павлодар

25034431мың теңге;

Екібастұз

3916338мың теңге.

5. 2019 жылға арналған облыстық бюджетте аудандар (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне облыстық бюджеттен берілетін субвенциялардың көлемі жалпы 27470442 мың теңге сомада ескерілсін, соның ішінде:

Аққулы-                              

2516792 мың теңге;

Ақтоғай -

2764584 мың теңге;

Баянауыл -

3090391 мың теңге;

Железин -

2727399 мың теңге;

Ертіс -                                 

3069576 мың теңге;

Май -                                      

2096447 мың теңге;

Павлодар -                              

2986604 мың теңге;

Тереңкөл-                                   

3248937 мың теңге;

Успен - 

2213287 мың теңге;

Шарбақты -                          

2756425 мың теңге.

6. 2019 жылға арналған жергілікті бюджеттің атқарылу үдерісінде секвестрге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

7. 2019 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне нысаналы ағымдағы трансферттер келесі көлемдерде қарастырылғаны ескерілсін:

2500000 мың теңге – жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне факторлық-балл шәкілі бойынша еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізуге; 

613332 мың теңге – білім беру саласындағы ағымдағы және күрделі сипаттағы шығыстарға;

259151 мың теңге – Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде еңбек нарығын дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыруға;

79754 мың теңге – мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге;

1809499 мың теңге – елді мекендерді абаттандыру және жарықтандыру бойынша іс-шараларды жүргізуге;

410700 мың теңге – спорт саласындағы ағымдағы және күрделі сипаттағы шығыстарға;

190000 мың теңге – футболдан спорт жарыстарына дайындалуға және қатысуға;

53000 мың теңге –бруцеллез ауруына шалдыққан, санитариялық
союға жіберілетін ауыл шаруашылығы малдарының құнын өтеуге;

76706 мың теңге – ветеринарияның ведомстволық бағынысты ұйымдарының күрделі шығыстарына;

16312 мың теңге –мемлекеттік коммуналдық қордың тұрғын үйлерін сатып алуға;

51263 мың теңге – қала құрылысы жобасын түзетуге;

1060972 мың теңге – көлік инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға; 

300000 мың теңге – автомобиль жолдарына және елді мекендердің көшелеріне ағымдағы жөндеу жүргізуге.

8. 2019 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне нысаналы даму трансферттері келесі көлемдерде қарастырылғаны ескерілсін:

55329 мың теңге – бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға;

359462 мың теңге – коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін салуға және (немесе) реконструкциялауға;

792828 мың теңге – инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) жайластыруға;

2543245 мың теңге – ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға;

1296415 мың теңге - сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға;

163677 мың теңге – қалаларды абаттандыруды дамытуға;

133681 мың теңге – ақпараттық жүйелер құруға;

3094495 мың теңге – жылу-энергетикалық жүйені дамытуға;

59690 мың теңге – Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды дамытуға;

304868 мың теңге–спортобъектілерін дамытуға;

1353097 мың теңге – коммуналдық шаруашылық объектілерін дамытуға;

153601 мың теңге – мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілерін реконструкциялауға.

9. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне облыстық бағдарламалар бойынша берілетін республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттердің көлемі 2019 жылға келесі мөлшерде белгіленсін:

309859 мың теңге – тілдік курстар өтілінен өткен мұғалімдерге үстемақы төлеу үшін және оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге үстемақы төлеу үшін;

3520127 мың теңге – жаңартылған білім беру  мазмұны бойынша бастауыш, негізгі және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне қосымша ақы төлеуге;

1203654 мың теңге – ұлттық біліктілік тестінен өткен және бастауыш, негізгі және жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мұғалімдерге педагогикалық шеберлік біліктілігі үшін қосымша ақы төлеуге;

56016 мың теңге – мектептердің педагог-психологтарының лауазымдық айлықақыларының мөлшерлерін ұлғайтуға және педагогикалық шеберлік біліктілігі үшін қосымша ақы төлеуге;

113908 мың теңге – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге;

98642 мың теңге – Халықты жұмыспен қамту орталықтарына әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар мен ассистенттерді енгізуге;

30822 мың теңге – мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялауға;

977788 мың теңге – Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде еңбек нарығын дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыруға;

190445 мың теңге – мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға;

229648 мың теңге – үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға;

3470241 мың теңге – көлiк инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға;

3932303 мың теңге – ең төменгі жалақы мөлшерінің өзгеруіне байланысты азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге;

2073881 мың теңге– төмен ақы төленетін қызметкерлердің салық жүктемесін төмендетуге байланысты олардың жалақысы мөлшерін көтеру үшін төмен тұрған бюджеттердің шығындарын өтеуге.

10. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне облыстық бағдарламалар бойынша берілетін республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттерінің көлемі 2019 жылға келесі мөлшерде белгіленсін:

497929 мың теңге – бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға;

1523413 мың теңге– коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға және (немесе) реконструкциялауға;

5211723 мың теңге– инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) жайластыруға;

9973788 мың теңге– ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға;

4163266 мың теңге– сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға;

1396500 мың теңге– жылу-энергетикалық жүйені дамытуға;

1074418 мың теңге– Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды дамытуға.

11. 2019 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне кредит беру келесі мөлшерде көзделсін:

6559124 мың теңге – тұрғын үй жобалауға және (немесе) салуға;

268973 мың теңге – жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға;

871125 мың теңге – мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін.

12. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне нысаналы трансферттердің көрсетілген сомасын үлестіру облыс әкімдігінің қаулысы негізінде анықталады.

13. Мыналарға байланысты 2019 жылға арналған облыстық бюджетке аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінен трансферттердің түсімдері ескерілсін:

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу мерзімі 2018 жылдан 2020 жылға ауыстырылуына – 1907857 мың теңге;

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес жұмыс берушілердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдары бойынша мөлшерлемелердің азаюына – 897070 мың теңге;

Павлодар қаласы дене тәрбиесі және спорт бөлімі № 4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебін облыстық деңгейге табыстауға – 157646 мың теңге.

Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінен трансферттердің көрсетілген сомаларының облыстық бюджетке түсімдері облыс әкімдігінің қаулысы негізінде анықталады.

14. Облыстың жергілікті атқарушы органының 2019 жылға арналған резерві 650620 мың теңге сомада бекітілсін.

15. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.

16. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

17. Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы                       Ж. Тұрлыбаев                                                          

Облыстық мәслихат

   хатшысы                                        Б. Бексейітова