Депутаты
Депутаттар Былқылдақ көліне барып шықты
12-03-2018 22:40

Депутаттар Былқылдақ көліне барып шықты

Ағымдағы жылдың 9 ақпан күні облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы депутат Н.Қ. Қасымовтың төрағашылығымен Былқылдақ көліне қоршаған ортаның сынаппен ластану ықтималдығын бағалау үшін барып шықты. Бізбен бірге табиғатты қорғау прокуроры, экология, қоғамдық денсаулықты қорғау департаменттерінің басшылары, облыс жер қатынастары және индустриялық-инновациялық даму басқармалары бөлімдерінің мамандары еріп барды.

«Каустик» АҚ басқармасы төрағасының өндірістік мәселелері жөніндегі кеңесшісі А. Ахметов депутаттарға және шақырылғандарға көлдің халық үшін көптен бері қауіп төндірмейтіні жайлы айтып берді. Өз уақытында «Химпром» өндірістік бірлестігі сынапты катодпен электролиз әдісімен хлор және күйдіргіш сода өндірісімен айналысқан, онда өнеркәсіптік қызмет барысында сынаптың негізгі массасы бетон іргетасында және топырақтарда сақталған. Ластанған шаюшы және сіңіргіш ерітінділер кәріз жүйесі бойынша Былқылдақ жинақтауышына лақтырылған. Кейінірек ғалымдар сынаптың қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізетінін анықтады. Сынап Ертіс жағына өтпегендей, топырақта сынап өткізбейтін материалдардан қабырға салынған болатын.

ҚР Үкіметінің тапсырмасы бойынша Алматы энергетика және байланыс институтымен 2004 жылы «Павлодар қаласының Солтүстік өнеркәсіп аймағы ауданында 2005-2020 жылдарға арналған сынап мониторингін жүргізу бағдарламасы» әзірленген, оның негізінде жыл сайын облыстық бюджетпен сынап мониторингін жүргізуге қаражат бөлінеді.

Атмосфералық ауаның 75 сынамаларын, топырақтың 24 сынамаларын, жер үсті және жер асты (69 ұңғымалар) суларының 212 сынамаларын іріктеу көзделген.

Жасалған талдауларға сәйкес барлық бақыланатын нүктелерде атмосфералық ауаның сынап буымен ластануы байқалмайды.