
1961 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауылында туды. 1986 жылы «инженер-механик» мамандығы бойынша Целиноград ауыл шаруашылығы институтын бітірді.
Еңбек қызметі:
1981-1986 жж. – Баянауыл астық қабылдау кәсіпорнында тракторшы.
1986-1987 жж. – Баянауыл аудандық агроөнеркәсіп бірлестігінде мал шаруашылығындағыкөп еңбекті жұмыс барысы жөніндегі аға инженер.
1987 -1991 жж. – мал шаруашылық фермаларға техникалық қызмет көрсету кәсіпорнының бастығы, облыстық су шаруашылығы басқармасының Баянауыл шаруашылық-есептегі басқармасының механигі.
1991 - 1997 жж. – Баянауыл ауылындағы «Баянтау»ШК ағаш өңдеу учаскесінің бастығы,«Баянтау» ШК директорының құрылыс жөніндегі орынбасары.
1997 жылдан бастап –Баянауыл ауылындағы «Қызыл-тау» ЖШС директоры.
Наградалары мен марапаттаулар: «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалі(2001 ж.); «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі (2011ж.); «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасарының Алғыс хаты.