Депутаты
Бексейітова Бақыт Мақанқызы
09-03-2018 14:14
Бексейітова Бақыт Мақанқызы

1959 жылы Семей облысы Бесқарағай ауданының Семиярка ауылында туды.

1980 жылы «математика мұғалімі» мамандығы бойынша Павлодар педагогикалық институтын, 1998 жылы - «экономист-менеджер»мамандығы бойынша Павлодар университетін, 2005жылы - Павлодар университетінің магистратурасын бітірді.

Еңбек қызметі:

1980 - 1981 жж. -  Семей қаласындағы комсомол комитетінің есепке алу секторының меңгерушісі.

1981 - 1988 жж. – Павлодар қаласының Кенжекөл ОЖБМ математика мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

 1988 - 1993 жж. - № 3ОЖБМ математика мұғалімі, Семей экономикалық лицейі директорының орынбасары.

1993 - 1998 жж. - № 3 ОЖБМ директорының орынбасары, Павлодар қаласының Кенжекөл ОЖБМ директоры.

1998 - 1999 жж. – «Павлодар қаласының балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелері басқармасы»ММ бастығы.

1999 - 2003 жж. –«Павлодар қаласының білім беру басқармасы»ММ бастығы.

 2003 - 2005 жж. – Павлодар мемлекеттік университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру және маркетингжөніндегі проректор.

 2005 - 2010 жж. – «Павлодар қаласының білім беру бөлімі»ММ бастығы.

 2010 - 2017 жж. – Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы.

2018 жылдан бастап – VIсайланған Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы.

«Нұр Отан»партиясының мүшесі. 

 

Наградалармен мадақтаулар«ҚР білім беру үздігі» төсбелгісі (1993ж.); «ҚР Құрметті қызметкері» төсбелгісі (2007 ж.); Астананың 10-жылдығына орай мерекелік медалі(2008 ж.); «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі (2011 ж.); «Құрмет»ордені(2012 ж.); «Павлодар облысына – 75 жыл»медалі(2012 ж.); ҚР Президентінің Алғыс хаты (2015 ж.); «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл»мерекелік медалі(2016ж.); «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі (2016 ж.); «Облыс алдындағы еңбегі үшін» төсбелгісі (2017 ж.); Облыс әкімінің Құрмет грамотасы (2017 ж.); "Ы. Алтынсарин" төсбелгісі  (2017 ж.);  «Астана 20 жыл»мерекелік медалі (2018 ж.).