Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
№76/10 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы (VІ сайланған Х сессиясы)
30-12-2016 18:24

Павлодар қаласы                                                                    2016 жылғы 12  желтоқсан  

  2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы 4-тармағына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2017 жылға арналған мына көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 131855413 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер – 28103878 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 1194936 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1000 мың теңге; трансферттердің түсімдері – 102555599 мың теңге; 2) шығындар – 131007693 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 670165 мың теңге, соның ішінде: бюджеттік кредиттер – 3209749 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу – 2539584 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 406260 мың теңге, соның ішінде: қаржы активтерін сатып алу – 406260 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – -228705 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 228705 мың теңге.

2.Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар бюджеттеріне салықтан түскен түсімдердің жалпы сомасын 2017 жылға мына көлемдерде үлестіру бекітілсін:

1) төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан жеке табыс салығы бойынша: Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Качир, Лебяжі, Май, Павлодар, Успен, Шарбақты аудандарына, Ақсу, Павлодар, Екібастұз қалаларына – 100 пайыз; 2) төлем көзінен салық салынатын табыстардан және шетел азаматтарының төлем көзінен салық салынбайтын табыстарынан жеке табыс салығы бойынша: Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Качир, Лебяжі, Май, Павлодар, Успен, Шарбақты аудандарына, Ақсу қаласына – 100 пайыз, Павлодар, Екібастұз қалаларына – 50 пайыз; 3) әлеуметтік салық бойынша: Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Качир, Лебяжі, Май, Павлодар, Успен, Шарбақты аудандарына, Ақсу қаласына – 100 пайыз, Павлодар, Екібастұз қалаларына – 50 пайыз.

3. Облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттерінен облыстық бюджетке салықтан түскен түсімдердің жалпы сомасын 2017 жылға мына көлемдерде үлестіру бекітілсін:

1) төлем көзінен салық салынатын табыстардан және шетел азаматтарының төлем көзінен салық салынбайтын табыстарынан жеке табыс салығы бойынша: Павлодар қаласынан – 50 пайыз, Екібастұз қаласынан – 50 пайыз; 2) әлеуметтік салық бойынша: Павлодар қаласынан – 50 пайыз, Екібастұз қаласынан – 50 пайыз.

4.2017 жылға арналған облыстық бюджетте қалалар бюджеттерінен облыстық бюджеткежалпы 25033826 мың теңге сомасында бюджеттік алым ескерілсін, соның ішінде:

Павлодар 21928088 мың теңге;
Екібастұз 3105738 мың теңге;
  1. 5. Аудандар мен қала бюджеттеріне облыстық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі 2017 жылға арналған облыстық бюджетте жалпы 26144074 мың теңге сомасында ескерілсін, соның ішінде:
Ақтоғай - 2580530 мың теңге;
Баянауыл - 3028175 мың теңге;
Железин - 2568538 мың теңге;
Ертіс - 2877586 мың теңге;
Качир - 3047691 мың теңге;
Лебяжі - 2358261 мың теңге;
Май - 1976200 мың теңге;
Павлодар - 2825331 мың теңге;
Успен - 2059162 мың теңге;
Шарбақты - 2590900 мың теңге;
Ақсу қаласы - 231700 мың теңге.

6.2017 жылға арналған жергілікті бюджеттің атқарылу үдерісінде секвестрге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4 - қосымшаға сәйкес бекітілсін.

7. 2017 жылға арналған облыстық бюджетте аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне нысаналы ағымдағы трансферттер мына көлемдерде қарастырылғаны ескерілсін:

63146 мың теңге – әкімшілік ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізуге; 3432369 мың теңге – аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына және елді мекендердің көшелеріне орташа және ағымдағы жөндеу жүргізуге; 1783654 мың теңге – білім беру саласында күрделі сипаттағы шығыстарға; 191100 мың теңге – жаңадан енгізілетін білім беру объектілерін ұстауға; 110260 мың теңге – жалпы білім беретін мектептерде шахмат үйірмелерін ашуға; 126086 мың теңге – жалпы білім беретін мектептердің Интернет желісіне қорғалған түрде шығуын қамтамасыз етуге; 147644 мың теңге – білім беру ұйымдарын спорт мүкәммалымен қамтамасыз етуге; 53532 мың теңге –білім беру объектілерін ағымдағы жөндеуге; 657198 мың теңге - Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде еңбек нарығын дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыруға; 2724698 мың теңге – елді мекендерді абаттандыру және жарықтандыру бойынша іс-шараларды жүргізуге; 11000 мың теңге –коммуналдық объектілерін жылумен жабдықтауды ұйымдастыруға; 50000 мың теңге – футболды дамытуға; 20000 мың теңге – спорт алаңдарын сатып алуға және орнатуға; 213272 мың теңге – мәдениет объектілеріне күрделі жөндеу жүргізуге; 77537 мың теңге – бруцеллезбен ауыратын санитариялық союға жіберілетін ауыл шаруашылығы малдарының құнын өтеуге; 15000 мың теңге – елді мекендердің қала құрылысы жобаларын әзірлеуге.

8. 2017 жылға арналған облыстық бюджетте аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне нысаналы даму трансферттері мына көлемдерде қарастырылғаны ескерілсін:

119196 мың теңге – мәдениет объектілерін дамытуға; 347066 мың теңге – жатақханаларды салуға және (немесе) реконструкциялауға; 118472 мың теңге – ауыл шаруашылығы объектілерін дамытуға; 288341 мың теңге – мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілерін салуға және реконструкциялауға; 151807 мың теңге – коммуналдық шаруашылықты дамытуға; 469926 мың теңге – спорт объектілерін дамытуға; 230436 мың теңге – бастауыш, негізгі орта және жалпы білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға; 1668769 мың теңге – коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін салуға; 565309 мың теңге – инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) жайғастыруға; 364998 мың теңге – сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға; 150502 мың теңге – қалалар мен елді мекендерді абаттандыруды және жарықтандыруды дамытуға; 3237574 мың теңге – ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға; 857009 мың теңге – жылу энергетикалық жүйені дамытуға; 951515 мың теңге – көлік инфрақұрылымын дамытуға.

9. Облыстық бағдарламалар бойынша аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттердің көлемі 2017 жылға мына мөлшерде белгіленсін:

70703 мың теңге – тілдік курстар өтілінен өткен мұғалімдерге үстемеақы төлеуге және оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге үстемеақы төлеуге; 43975 мың теңге – «Өрлеу» жобасы бойынша келісілген қаржылай көмекті енгізуге; 9344 мың теңге – арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарттарын енгізуге; 344657 мың теңге – Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде еңбек нарығын дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыруға; 433737 мың теңге – Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға; 150096 мың теңге – үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға.

10. Облыстық бағдарламалар бойынша аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттерінің көлемі 2017 жылға мына мөлшерде белгіленсін:

3065044 мың теңге – инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және (немесе) жайластыруға; 7377271 мың теңге – ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға; 2009347 мың теңге – жылу-энергетикалық жүйені дамытуға; 725776 мың теңге – көлік инфрақұрылымын дамытуға; 297433 мың теңге – моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға.

11. 2017 жылға арналған облыстық бюджетте аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерін кредиттеу мына мөлшерде көзделсін:

413765 мың теңге – жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға; 1715028 мың теңге – тұрғын үйлерді жобалауға және салуға; 513929 мың теңге – мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін.

12. Аудандар және облыстық маңызы бар қалалар бюджеттеріне нысаналы трансферттердің көрсетілген сомасын үлестіру облыс әкімдігінің қаулысы негізінде анықталады.

13.Облыстың жергілікті атқарушы органының 2017 жылға арналған резерві 586000 мың теңге сомасында бекітілсін.

14.Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.

15 Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

  1. Осы шешім 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді және мәслихаттың келесі жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджет туралы шешімі қолданысқа енгізілгеннен кейін күшін жояды.

    Сессия төрағасы                                         Қ. Қапенов

    Облыстық мәслихат хатшысы                 В. Берковский