
Стрелковская Марина Владимировна 1969 жылы Павлодар қаласында туды.1987 жылы «медбике» мамандығы бойынша Павлодар медициналық училищесін, 2004 жылы - «Педагогика және психология мамандығы» бойынша «Қайнар» университетінің Павлодардағы филиалын бітірді.
Еңбек қызметі:
1987 - 2000 жж. - № 2, № 3 Павлодар қалалық ауруханаларында және «Строитель» қалалық медициналық санитарлық бөлімінде медбике.
2000 - 2002 жж. -Павлодар қаласының тұрақты тұрғылықты жері жоқ тұлғалар үшін қалалық бейімделу баспана-орталығының фельдшері.
2002 - 2004 жж. -зертханашы, Павлодар қаласының «Нашақорлық мәселелері жөніндегі республикалық орталық».
2004 жылдан бастап -«Павлодар қалалық әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімделу орталығы»КММ директоры.
V сайланған қалалық мәслихаттың депутаты, VI сайланған облыстық мәслихаттың депутаты.«Нұр Отан»партиясының мүшесі.
Наградаларымен марапаттаулар: Әйелдер бастамашылығы Республикалық жәрмеңкесінің дипломанты, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі (2011 ж.); «Мәслихаттарға 20 жыл»медалі(2014 ж); «Әлеуметтік сала үздігі»медалі(2014 ж.);«Белсенді кызметі үшін»медалі(2018 ж.).