Депутаты
Қапенов Қабылқақ Қабдыл-Мәнапұлы
09-03-2018 14:13
Қапенов Қабылқақ Қабдыл-Мәнапұлы

1958 жылы Павлодар облысы Шарбақты ауданының Шалдай ауылында туды. 1980 жылы «биология және химия» мамандығы бойынша Павлодар педагогикалық институтын, 2000 жылы - «экономика-менеджмент» мамандығы бойынша Павлодар университетін бітірді.

   Еңбек қызметі:

1980 - 1982 жж. - Ақтоғай ауданындағы Спартак мектебінде химия пәнінен мұғалім, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстар бойынша оқу ісінің меңгерушісі-ұйымдастырушысы.

1982 - 1983 жж. - Павлодар қаласының мұғалімдер білімін жетілдіру облыстық институтының дене тәрбиесі кабинетінің меңгерушісі.

1983 - 1987 жж. - Павлодар қаласының мұғалімдер білімін жетілдіру институтында тәрбие жұмысы зертханасының меңгерушісі.

1987 - 1990 жж.  -Алматы қаласының Абай атындағы ҚазақПИ аспирантурасында оқу.

1990 - 1991 жж. - Павлодар қаласының Павлодар облыстық МЖИ педагогика және психология кафедрасының мұғалімі.

1991 - 1995 жж. - Павлодар қаласының педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру институтында жұмыс.

1995 - 1999 жж. – жалпы орта білім беру басқармасының бастығы, Павлодароблысы әкімінің жанындағы білім беру департаменті бастығының орынбасары.

1999 - 2001 жж. - Павлодар облысының халықты әлеуметтік қорғау департаментінің бастығы.

2001 - 2002 жж. - Павлодар қаласының «№ 5 кәсіптік мектебі»ММ директоры.

2002 жылдан бастап – Павлодар қаласының «Технологиялық колледжі»МКҚК директоры.

«Нұр Отан»партиясының мүшесі.

 

Наградалары мен марапаттаулар«Қазақстан Конституциясына 10 жыл»мерекелік медалі(2005 ж.), «Қазақстан Республикасының бiлiм беру құрметтi қызметкерi» төсбелгісі (2008 ж.), «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін»төсбелгісі(2010 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл»мерекелік медалі (2011 .), «Павлодар облысына 75 жыл» мерекелік медалі (2012ж.), «Қазақстан Республикасы мәслихаттарына – 20  жыл»мерекелік медалі (2014 ж.).