Депутаты
Нұрханова Гүлмира Ғабдұлхамитқызы
09-03-2018 14:13
Нұрханова Гүлмира Ғабдұлхамитқызы

1969 жылы 3 маусымда Павлодар облысы Қашыр ауданы Калиновка ауылында дүниеге келді. 1994 жылы «Эпидемиолог-дәрігер» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік медициналық  институтын, 2004 жылы «Заңгер» мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірді.

1994 - 1997 жылдар аралығында Шымкент қаласында қалалық дезинфекциялық станцияда эпидемиолог-дәрігер болып жұмыс етті.

1997 жылдан бастап осы уақытқа дейін Павлодар облысы Тереңкөл ауданындағы «Нұрханова» ЖК басшысы.

 «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Наградалар мен мадақтаулар: «10 жыл Астана»мерекелік медалі (2008 ж.), « Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі (2011 ж.), Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хаты (2001 ж., 2005 ж., 2011 ж.), «Нұр Отан» ХДП Орталық Аппаратының Алғыс хаты.