Депутаты
Оспанова Айман Қайыркенқызы
09-03-2018 14:13
Оспанова Айман Қайыркенқызы

1960 жылы Павлодар облысы Павлодар ауданының Павлодарское ауылында туды.

1986 жылы «дәрігер-емдеуші» мамандығы бойынша Семей Мемлекеттік медициналық институтын, 2008жылы -«заңгер» мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірді. 

Еңбек қызметі:

1986 -  1987 жж. - Павлодарқаласының облыстық перзентханасында интернатура.

1987 - 1990 жж. -Павлодар қаласының ПОО акушер-гинеколог дәрігері.

1990 -1995  жж. - Павлодар станциясының бөлімшелік ауруханасының акушер-гинеколог дәрігері, бас дәрігердің орынбасары.

1995 - 1996 жж. - Павлодар қаласының 1 қалалық ауруханасында бас дәрігердің акушерлік және гинекология жөніндегі орынбасары.

1996 - 1997 жж. - Павлодарауданы емханасының акушер-гинеколог дәрігері.

1997 - 2002 жж. - Павлодар облыстық оңалту орталығының акушер-гинеколог дәрігері.

2002 -  2003 жж. - Павлодар қаласының облыстық диагностикалық орталығының акушер-гинеколог дәрігері.

2003 - 2010 жж. - Павлодар қаласының облыстық перзентхананың бас дәрігрі.

2010 жылдан бастап -Павлодар қаласының Павлодароблыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері.

«Нұр Отан»партиясының мүшесі.

IV,V,VI сайланған Павлодар облыстық мәслихатының депутаты.

Наградалары мен марапаттаулар:«Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі (2008 ж.), «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі»төсбелгісі (2011 ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі (2011 ж.), Қазақстан Республикасы Сенаты Төрағасының Құрмет Грамотасы (2012 ж.), «Павлодар облысына 75 жыл» медалі (2012 ж.), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі кәсіподағының Құрмет грамотасы (2012 ж.), Нұр Отан партиясының  «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі  (2013 ж.), «Денсаулық сақтау ісіне сіңірген еңбегі үшін» медалі (2013 ж.), «Қазақстан халқының денсаулығын қорғау ісіне қосқан үлесі үшін» медалі (2013 ж.), «Ауғанстанның интернационалист-жауынгерлерінің денсаулығын қорғау ісіне қосқан үлесі үшін» медалі (2013 ж.), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасы (2014 ж.), «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі (2015 ж.), «Ерен еңбегі үшін» медалі (2015 ж.), Қазақстан Республикасы Ұлттық бизнес-рейтингінің «Медициналық салалағы сіңірген еңбегі үшін» ордені (2015 ж.), Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты (2015 ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (2016 ж.), «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратының медалі (2016 ж.), Павлодар қаласы мәслихатының Құрмет грамотасы (2017 ж.).