
1968 жылы Павлодар облысы Железин ауданының Новокузьминка ауылында туды. 1993 жылы «өндірістік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша Павлодар индустриалды институтын бітірді. 2001 жылы – «құқықтану» мамандығы бойынша Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірді.
Еңбек қызметі:
1986 - 1989 жж. - қарулы күштер қатарында қызмет.
1993 -1994 жж. - «Сары-арқа»КК құрылыс жөніндегі директорының орынбасары, «Имсталькон»Екібастұз разрездік-құрылыс фирмасының шебері.
1994 -1995 жж. - ішкі істер органдарында қызмет.
1996 жылдан бастап - глава КХ «Бақауов» ШҚ басшысы.
«Нұр Отан»партиясының мүшесі.
Наградалары мен марапаттаулар: «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі (2015 ж.),«Астана 20 жыл» мерекелік медалі (2018 ж.).